ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2022 | 17:24
СІМ Ресейде әскери комиссариатқа шақырылды деген қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтар әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып жатыр деген ақпаратқа сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтар әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып жатыр деген ақпаратқа сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен аптада Қазақстан азаматтары әскерге шақыру қағазын алып жатқаны туралы ақпарат болды. Шын мәнінде, осы кезеңде Мәскеу қаласында біздің азаматтан бір ғана өтініш болды.
Сондықтан БАҚ беттеріне шығып жатқан түрлі жалған ақпараттар мен хабарламаларға сенбеуді сұраймыз. Мұндай деректер болса да, бұл азамат азаматтық алуға өтініш берген болса керек және базалардан өткен, яғни қос азаматтығы бар, бірақ Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайды, сондықтан құжаттарын да тапсырмайды. Мұнда жағдай басқа жаққа өзгереді және олар жағдайдан қашып, Қазақстан азаматы екенін мәлімдейді", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Ресейде әскери комиссариаттан шақыру қағазын алғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также