23 тамыз 2019 | 09:08

СІМ Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады деген хабарламаға пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы Екатеринбургте полицейлер қазақстандық қызды зорлады деген хабарламаға қатысты пікір білдіруді сұрады. Бұл туралы ведомство өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы Екатеринбургте полицейлер қазақстандық қызды зорлады деген хабарламаға қатысты пікір білдіруді сұрады. Бұл туралы ведомство өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ өкілдерінен осы хабарламаларға қатысты жазбаша түрде мәлімет беруді сұрады. Зардап шеккен қазақстандық қыздың өзі консулдықтың көмегіне жүгінген жоқ. Осыған байланысты мәліметті растауды немесе жоққа шығаруын сұрадық", - деді Смадияров.

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында ресейлік БАҚ-тар Екатеринбургте екі полицейдің -  Вячеслав Тропин мен Вадим Мустафинның қазақстандық 22 жастағы қызды қызметтік көлікте зорлады деген күдікпен ұсталғаны жайлы жазған еді. Бұл оқиғаның 18 тамызда түнгі уақытта болғаны айтылған.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, сол күні кешке полицейлер қызды саунадан шығып келе жатқан жерінде ұстап алып, көліктеріне отырғызып, зорлық-зомбылық көрсеткен делінеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная