ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2020 | 17:34
СІМ ресейлік депутаттың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне жауап берді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды. Кездесу Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне байланысты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды. Кездесу Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан аумағы туралы мәлімдемесіне байланысты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу барысында cыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы "Қазақстан территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық" деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді.
Кейбір ресейлік саясаткердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді.
"ҚР СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтеді және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады", - делінген хабарламада.
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Бірінші арна" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді.
"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.
Видеосы мына сілтеме арқылы Tengrinews.kz Telegram-каналынан көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также