СІМ шетелдік мекемелерден 442 миллион теңгеге заң бұзушылықтар анықтады

Сурет: СІМ

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдегі үш мекемесінен 442 миллион теңгеге заң бұзушылық анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдегі үш мекемесінен 442 миллион теңгеге заң бұзушылық анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының сайтына сілтеме жасап.

Ішкі аудит қызметі 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 3 шетелдік мекемеде тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 5 036 979,74 мың теңге.

Реклама
Реклама

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша жалпы 442 874,6 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 7 513,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 435 361,5 мың теңге.

Аудит нәтижелері бойынша Республикалық бюджеттің кірісіне 2 743,2 мың теңге қаражат қайтарылды, 942,4 мың теңге - есепке алу бойынша қалпына келтіріліп, сәйкестелінді.

Анықталған заң бұзушылықтардан:

- 381 933,9 мың теңге рәсімдік бұзушылықтарға (бюджеттік, бухгалтерлік, салық заңнамалары, жүйелі проблемалар мен нормативтердегі олқылықтар және басқа) жол берілген;

- мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 58 638,5 мың теңге;

- бюджеттің кіріс бөлігінде, оның ішінде консулдық алымдарды бюджетке аудару мерзімін сақтамау 2 302,2 мың теңге.

Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі үлесі бюджет қаражатын пайдалану кезінде, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасау кезінде, кассалық операцияларды есепке алу және жүргізу тәртібін бұзу, жалақыны артық төлеу/негізсіз төлеу, бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы ресімдеу кезінде, активтер мен қорларды есепке алу кезінде заңнама бұзушылықтарын құрайды, шығындарды жоспарлау кезінде есептеулердің шамадан тыс артуы, бюджеттік өтінімдерге негіздеуші құжаттардың болмауы, сондай-ақ активтерді тиімсіз пайдалану және басқалары.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит материалдары бір нысан бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама