ПОДЕЛИТЬСЯ
29 ақпан 2024 | 14:09
СІМ тәліптердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тәліптердің биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға Қазақстанға шақырылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тәліптердің биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға Қазақстанға шақырылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат кулуарында Василенко журналистерге "Талибан" сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Азизидің келетінін растады.
"Шынымен де, ол биылғы 13-14 маусымда елордамызда өтетін халықаралық Астана форумына шақырылып отыр. Бүкіл "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамағаны сияқты, бұл мырза БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамаған", - деді министрдің орынбасары.
Роман Василенконың айтуынша, бұл адам бұған дейін Қазақстанға бизнес-форумға қатысу үшін келген. Роман Василенконың айтуынша, қазіргі уақытта тәліптерді халықаралық қауымдастық, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлі мойындаған жоқ.
"Алайда бұл ел (Ауғанстан – еск.) біздің аймақтық көршіміз, сондықтан аймақтағы көптеген елдер, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, тек Қазақстан ғана емес, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқа да мемлекеттер онымен қарым-қатынас орнатып жатыр", - деп түйіндеді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также