07 наурыз 2023 | 11:18

Смайылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге мектептерді қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау мерзімін белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдерге мектептерді қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау мерзімін белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өңір әкімдіктері осы жылдың 1 сәуіріне дейін мектептерді тиісті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауы қажет. Бұл полицияның жедел басқару орталықтарына шығатын бейнебақылауға, мамандандырылған күзетпен және дабыл кнопкаларымен қамтамасыз етуге қатысты, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол оқу-ағарту министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 3 күн мерзімде Үкіметке Балаларды қорғау жөніндегі кешенді жоспардың пысықталған жобасын енгізуі тиіс екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Онда уәкілетті органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін жетілдіру жөніндегі шаралар да қамтылуы қажет", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная