Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы кулуарында журналистер Үкімет басшысынан елдегі білім саласына сене ме деген сұрақ қойды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Премьер-министрдің үш баласы бар.

"Әрине, білім саласына да, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Жеке өзім және жұбайым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен өзім Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқығанмын, ал балаларым Астанадағы мемлекеттік мектепте оқиды", - деп жауап берді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама