Смайылов ЕАЭО валюталары арасындағы айырбас бағамдарының бұрмалануы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық валюталары арасындағы айырбас бағамының айтарлықтай бұрмаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық валюталары арасындағы айырбас бағамының айтарлықтай бұрмаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында сөйлеген сөзінде Қазақстан премьер-министрі бүгінгі жағдайда одақ елдері, ең алдымен, азық-түлік тауарларының айтарлықтай өсуіне тап болып отырғанын атап өтті.

"Алты ай ішінде ЕАЭО-да азық-түлік бағасы 12,9 пайызға өсті. Біздің интеграциямыздың өзара сауда кезінде ұлттық валюталар кеңінен пайдаланылатынын атап өткен жөн. Біз америкалық валютаға қатысты кросс-бағамдар арқылы айқындалатын ұлттық валюталар арасындағы айырбас бағамдарында елеулі бұрмалаушылықты көріп отырмыз. Бұл біздің елдердегі сауда мен инфляциялық процестерге айтарлықтай әсер етеді. Ұлттық валюталардың айырбастау бағамдарын қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін біздің елдің орталық банктеріне консультациялар жүргізіп, үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына ұсыныстар енгізу қажет деп санаймын", - деді Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная