ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2022 | 16:58
Смайылов Екібастұздағы жұмысты тезірек аяқтау керегін айтты
Екібастұзда жүрген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апатты жою барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда жүрген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апатты жою барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-премьер 4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдайға сәйкес, 5А, 5Б және 6 шағынаудандарында 11 тұрғын үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Дайындық деңгейі жоғары, сондықтан кешке дейін олар (жертөлелер) жылуға қосылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бұл үйлерде жылу радиаторлары мен жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерде жылу беріле бастайды.
Сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары жылу берілген үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялары - кәріз құбырларын, сумен жабдықтау жүйелерін ауыстыру қажет екенін және бұл жұмыстың Үкіметтің бақылауында екенін айтты.
"Жылу толық берілмейінше, жөндеу жұмыстарына тартылған бірде-бір ұйым бұл үйлерден кетпейді. Қазір барлығы 484 адам жұмылдырылған. Біз өз жұмысымыздың форматын толық өзгерттік, ол тәулік бойы жүргізіледі", - деді Роман Скляр.
Премьер-министр барлық жұмысты тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
"Жұмысты жалғастырыңыз. Қалған үйлердің барлығына жылуды тезірек қосу керек, адамдар бір апта бойы жылусыз отыр. Ешкім мемлекеттің көмегі мен назарынсыз қалмайды", - деді Әлихан Смайылов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также