ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2022 | 18:48
Смайылов жер қойнауын пайдалану саласына тексеру жүргізуді тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов геологиялық барлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайылов геологиялық барлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір ел аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін шамамен 1 миллион 324 мың шаршы шақырым алаң қарастырылған.
"Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына 1 миллион 65 мың шаршы шақырым жер қойнауы қосылған, тағы 259 мың шаршы шақырымы қосылады. Геологиялық барлау саласына инвестиция тарту, пайдаланылмайтын кен орындарын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалану үшін еліміздің барлық қолжетімді аумағын ашу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда дұрыс орындалмауына байланысты кен орындарын игеруге қатысты 31 келісімшарт бұзылып, 101 лицензияның күші жойылған.
"Қазір жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартқа сай міндеттемелерін орындауына талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай жайттар анықталса, келісімшарттар бұзылады және инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады. Премьер-министр жер қойнауын пайдалану саласында ауқымды тексеріс жұмыстарын жеделдетуді және пайдаланылмайтын кен орындарының нақты тізбесін айқындауды тапсырды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также