12 желтоқсан 2022 | 11:44

Смайылов қазақстандықтардың жалақысы өсуі мүмкін екенін жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр қазақстандықтардың жалақысы көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр қазақстандықтардың жалақысы көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы келесі жылы 4,4 миллион адам 4,6 триллион теңгенің әлеуметтік төлемдерін алатынын айтты.

"1 қаңтардан бастап цифрлық отбасы картасы арқылы әлеуметтік қорғау қызметтері проактив форматқа көшеді. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық штаб құрылды. Барлық мемлекеттік орган салалық тұжырымдамаларды, ведомстволық даму жоспарларын әзірлеп жатыр. Олар жылдың басында бекітіледі", - деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Смайылов.

Реклама
Реклама

Смайылов Мемлекет басшысына үкімет сайлауалды бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізетінін айтты.

"Нәтижесінде экономика тұрақты түрде өсіп, халықтың өмір сүру сапасы артады. 2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кемінде 4 пайыз деңгейінде болжанады. Халықтың жалақысының нақты өсуі 2,3 пайыз деңгейінде күтіледі. Жұмыссыздық 4,8 пайызға дейін төмендейді", - деді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная