10 қараша 2022 | 13:48

Смайылов КҚК жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумында жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумында жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазан айында консорциумдағы екі қондырғыны жөндеуді аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ ауа райына байланысты бұл жұмыстар тоқтатылды. Менің ойымша, алдағы екі-үш күнде теңіздегі №1 қондырғыны жөндеу жұмыстары аяқталады. Одан кейін бірден екінші қондырғыны жөндеу басталады. Оны жөндеу шамамен екі-үш аптада аяқталады", - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Каспий құбыр консорциумындағы апат еліміздің мұнай экспортына қалай әсер еткенін айтты.

Реклама
Реклама

"Мысалы, бізде бір жыл ішінде мұнай секторынан Ұлттық қорға 3,9 триллион теңге көлемінде түсім жоспарланған болатын. 10 айдың қорытындысы бойынша бұл жоспар 1 триллион теңгеге асыра орындалғанын көріп отырмыз. Экспорттық кедендік баждан республикалық бюджетке түсетін түсімге келетін болсақ, бізде жылына 1,8 триллион теңге жоспарланған, 10 айдың қорытындысы бойынша 1,4 триллион теңге түсті. Алдағы екі айда қалған сомалар да келеді. Сондықтан қазіргі таңда әлемдік мұнай нарықтарында қалыптасып жатқан мақсаттар мен конъюнктураның арқасында бізде Ұлттық қорға да, республикалық бюджетке де мұнай - газ секторынан түсетін барлық түсімдер толық көлемде күтіліп отыр", - деді премьер-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная