ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2022 | 17:22
Смайылов Қытай елшісімен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, АӨК, "жасыл экономиканы" дамыту, цифрландыру, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану секілді салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қытайға Қазақстаннан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту, сондай-ақ, шекара маңындағы өзара іс-қимылды одан ары арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Премьер-министр жеткізу қызметін қалпына келтіру, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік және теміржол өткізу бекеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ҚР мен ҚХР арасындағы тікелей әуеқатынасын ретке келтіру керек екенін айтты.
"Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын "қайта қарау" және сыртқы басты серіктестермен, соның ішінде Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде бірқатар міндет қойды", - деді Ә.Смайылов.
Чжан Сяо Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық Қытайдың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі екенін айтты. Оның айтуынша, ҚХР Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және қажет қолдау мен жәрдем көрсетуге дайын.
Қытай - Қазақстанның ірі сыртқы сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. 2021 жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі 17 миллиарлд доллардан асып, 13,6 пайызға өсті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также