04 наурыз 2022 | 12:40

Смайылов пен Түркия вице-президенті не талқылады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото primeminister.kz

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, транзиттік-көлік, өнеркәсіп, туризм, геология, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сондай-ақ екі ел арасындағы әуежолдарының географиясын кеңейту және тұрақты рейстер санын арттыру қажеттілігіне назар аударылды.

Реклама
Реклама

"Бүгін құрметті Фуат Октай мырзамен қазақ-түрік үкіметаралық комиссиясының XII отырысын өткіздік. Түркия - біздің маңызды стратегиялық әріптесіміз. Тамыры бір, тарихы ортақ, бауырлас ел. Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына биыл 30 жыл толып отыр. Сондықтан біздің кездесуіміздің екі ел үшін де маңызы өте зор. Біз барлық салада стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне қол жеткіздік. Өзара сенімді диалог, белсенді іскерлік байланыстар біздің достығымыздың шынайы көрінісіне айналды. Үкіметаралық экономикалық комиссия отырысында екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқыладық. Қазіргідей күрделі кезеңде сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамытуға ерекше маңыз бердік. 2021 жылы екіжақты сауда көлемі 33 пайызға өсіп, 4,1 миллиард доллардан асты. Пандемия жағдайында бұл - өте жақсы нәтиже", - деді ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

Бүгінгі таңда түрік бизнесі Қазақстанда жалпы құны 5,5 миллиард құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Өз кезегінде Түркия вице-президенті Ф. Октай Түркия Республикасы Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға дайын екенін, мұның өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

"Біз бүгін 68 тармақтан тұратын Бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдадық. Онда сауда, өнеркәсіп, инвестиция, көлік пен транзит және тағы басқа салалар қамтылды. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі қазіргідей күрделі кезеңде бірлігімізді нығайтуға және бауырлас халықтарымыздың мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін", - деп толықтырды Смайылов.

Отырыс аясында экономикалық ынтымақтастық бойынша жан-жақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстан тарапынан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, сауда және интеграция, ұлттық экономика, денсаулық сақтау вице-министрлері және басқалары қатысты. Түрік тарапынан индустрия және технология, сауда, көлік және инфрақұрылым, денсаулық сақтау вице-министрлері қатысты. Соңында ҮАК отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылып, бірлескен жоспар қабылданды. Ресми делегация мүшелері өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін екіжақты кездесулер өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная