ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2023 | 10:57
Смайылов Сәтқалиевтен ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары басталатын нақты мерзімді сұрады
Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстанның жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары нақты басталатын күнді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстанның жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары нақты басталатын күнді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәтқалиев барлық дерлік ЖЭО бойынша жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып жатқанына сендірді.
"Егер кесте бойынша айтсақ, Еуразиялық энергетикалық корпорацияның МАЭС №8 энергоблогында, сондай-ақ Петропавл ЖЭО, "СевКазЭнерго", Атырау ЖЭО, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО, Жезқазған ЖЭО, "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр", - деді Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Жаңа министр жөндеу жұмыстарының басталуы мен аяқталуына қатысты жағдай Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында екеніне сендірді.
"15 сәуірде "Таразэнергоцентр" АҚ ЖЭО-4, 21 сәуірден бастап Қарағанды ЖЭО-3, "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС, МАЭК ЖШС ЖЭО-2 және басқа да электр станцияларында, соның ішінде "Сармук Энерго" МАЭС-та жөндеу жұмыстары басталады", - деп түйіндеді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также