Смайылов: Сұрауы қатаң және әділ болады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген ЖАП басшысы "бюджеттің әрбір теңгесі қаражат тапшылығы жағдайында қарастырылғанын" еске салды.

"Сол кезеңде мен премьер-министр болғандықтан, бұл мәселені өте жақсы білемін. Баламалы қаржыландыру көздері бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл басым міндеттерді ресурстармен толық қамтамасыз ету үшін жасалған болатын", - деді Мәжілістің жалпы отырысында Әлихан Смайылов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бюрократиялық кедергілер алынып, ұлттық жобаларды уақытылы іске қосу үшін барлық жағдай жасалған.

"Сондықтан Жоғары аудиторлық палатаның басшысы ретінде өз міндеттеріне немқұрайлы қараған бюджеттік әкімшілерден сұрау қатаң және әділ болады деп сендіргім келеді", - деп ескертті Смайылов.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР премьер-министрі қызметін атқарды. 2023 жылдың 30 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімі бойынша осы қызметке қайта тағайындалды. 2024 жылы ақпанда үкімет отставкаға кетіп, 1 сәуірде Әлихан Смайылов Жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная