01 қазан 2022 14:36

Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Сұлу Бөлек Корреспондент
elements.envato.com

Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлихан Смайылов тұрғын үйді жалға алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister-ге сілтеме жасап.

"Бұл мигранттардың ағынына ғана қатысты емес, жалпы азаматтарымыз өз құқықтарын білуі керек. Egov немесе көп қолданылатын қосымшалар арқылы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсететін типтік жалға алу шартына цифрлық түрде қол қоюға болатындай етіп жасау қажет. Бұл екі жақтың да құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді", - деді Әлихан Смайылов.  

Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге көші-қон жағдайын реттеу бойынша кешенді және тиімді шаралар қабылдау қажеттігін айтты. 

Реклама
Реклама

"Бірінші кезекте қазақстандық азаматтар үшін тұрақты "жасыл дәлізді", сондай-ақ, тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қамтамасыз ету қажет", - деді Әлихан Смайылов.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram