Смайылов Ұлттық банк төрағасы орынбасарының мәлімдемесіне қарсы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты түзеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты түзеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов биыл 8 айда инфляцияның баяулағанын айтты.

"2023 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсеткіштерің баяулауы жалғасты. Инфляциялық процестердің жалпы позитивті динамикасын ескеріп, Ұлттық банк базалық ставканы 16 пайызға дейін 0,5 тармаққа төмендету турады шешім қабылдады. Қыркүйектің қорытындысы бойынша Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі төмендеді", - деді ол Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Орынбасардың айутынша, жылдық инфляция 7 ай қатарынан төмендеп келе жатыр.

"Оның бүгінгі деңгейі – 11,8 пайыз. Жылдық инфляция қатаң ақша-кредит саясаты жағдайлары мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады. Инфляция құрылымында барлық компоненттің өсу қарқыны баяулады.

Айлық инфляция да 0,6 пайызға дейін бәсеңдеді. Алайда, айлық инфляцияның өсу қарқыны әлі де орташа мәннен айтарлықтай жоғары қалыптасып келеді", - деді Берік Шолпанқұлов.

Үкімет басшысы Шолпанқұловты түзетіп, инфляцияның баяулауын өткен жылдың базасымен байланыстыру дұрыс емес екенін атап өтті.

"Сіз инфляцияның баяулауын өткен жылдың жоғары базасымен байланыстырып отырсыз. Бұл дұрыс емес. Инфляцияның айтарлықтай баяулауы Үкіметтің инфляцияға қарсы кешенді жұмысының арқасында мүмкін болды", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная