30 қыркүйек 2022 | 10:29

Смайыловқа монополиялық жоғары баға қоюға қатысты тергеулер туралы баяндалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ және "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС қызметінің мәселелері қаралған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазіргі уақытта монополиялық жоғары баға қою, үстем жағдайды асыра пайдалану белгілері бойынша "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның айтуынша, ведомство "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС-не қатысты сұйытылған мұнай газына монополиялық жоғары баға белгілеу және ауыстырып тиеу, сақтау қызметтері мәселесі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Премьер-министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram