Снаряд, гранатомет және миналар: ҰҚК тәркіленген қару-жарақты көрсетті

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста тәркіленген қару-жарақтың суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше облыста тәркіленген қару-жарақтың суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген.

Реклама
Реклама

"Қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді".

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама