ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 12:56
Snoop Dogg қазақстандық сот орындаушысының видеосын жариялады
Танымал америкалық рэпер, продюсер және актер Snoop Dogg Instagram-парақшасында Қазақстанда болған жағдайды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал америкалық рэпер, продюсер және актер Snoop Dogg Instagram-парақшасында Қазақстанда болған жағдайды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, оң жағалауда болған. Сот орындаушысы сот шешімі бойынша шекараны бұзған тұрғын үй кешенінің айналасындағы қоршауды қиратқан. Кадрларда ауыр техника темір қоршауды ысырып жатқанда, ол нұсқау беріп тұрған адамға құлап түседі.
Жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Жұмаққа кіруге берген өтінішіңіз қабылданбаған кезде", - деп жазды суретші Alim Smith.
"Жұмаққа апаратын қақпа", - деп жазды Olamide Enitan.
"Қазақстанға қош келдіңіз", - деп жазыпты видеограф Қыран Талапбек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также