10 қаңтар 2022 | 14:38

Содырлар сақалын қырып тастаған - Тоқаев

Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық тәртіп қалыпқа келгенін, қауіптің алды алынғанын мәлімдеді. 

"Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдар анықталып жатыр. Бүгінде полицияға 8 мыңнан аса адам жеткізілді. Құқық қорғау және арнайы органдар олардың терроризмге, адам өлтіру, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

Жасырын шабуылдаушыларды анықтау мақсатында жоспар жасалып жатыр. Олар ерекше түрде жасырынады - азаматтық киім киеді, сақалдарын қырады. Қарқынды жұмыс істеу қажет", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бірінші кезекте бейбіт шерулер өткен.

"Кейін Алматыда саяси митингілер өтті. Содан соң қалаға үш бағыттан қарулы күштер басып кірді. Басында өздерін бейбіт демонстранттар секілді ұстап, тұрғындарды арандатты. Кейін тарихта Алматы трагедиясы деген атпен қалатын оқиға басталды", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная