Шөкеев Мырзахметовтің орнына келді

?мірза? Ш?кеев "Сам?ры?-?азына" басшысы ?ызметінен кетіп, ?Р премьер-министріні? орынбасары - ?аза?стан Республикасыны? Ауыл шаруашылы?ы министрі болып та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л ?ызметте о?ан дейін Ас?ар Мырзахметов бол?ан.

Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кетіп, ҚР премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл қызметте оған дейін Асқар Мырзахметов болған.

 "Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", - делінген Ақордадағы хабарламада.

Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі қызметін, Мемлекет басшысының экономикалық кеңесшісі, экономика министрі, Қостанай облысы әкімі қызметтерін атқарған болатын. Сондай-ақ, ол премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал 2011 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" басқарма төрағасы мен директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама