Солтүстікте күн суытады - Синоптиктер

© Tengrinews.kz

Синоптиктер12-14 ?ырк?йек к?ндеріне арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер12-14 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр жаудырған, циклон жылдамдатып Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып жатыр. Оның орнына Оңтүстік Орал аудандарынан антициклон жылжып келеді, жауын-шашын және күн суыту тоқтатылады. Бірақ жақын тәуліктерде солтүстік облыстарда жаңбыр сақталады. Ал түнде ол дымқыл қарға ұласуы мүмкін", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, мамандардың болжамынша, 12-13 қыркүйекте фронттардың өтуімен республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр жауады. Ал республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0...3 градусқа дейін қатқақ күтіледі.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама