30 қыркүйек 2021 15:18

Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттар құру ұсынылады - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге итбалықтар популяциясын құтқару үшін Каспийде резерваттар құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге итбалықтар популяциясын құтқару үшін Каспийде резерваттар құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, екі елдің Қызыл кітабына енгізілген Каспий итбалығы популяциясы азайып барады. Оның айтуынша, осы бірегей жануарларды сақтау, олардың тіршілік ету ортасы мен көбею аумағын қорғау үшін шұғыл шаралар қажет.

"Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттар құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады", - деді Қазақстан Президенті Владимир Путин қатысқан екі елдің Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев ақбөкенді Қазақстан мен Ресейдің сирек кездесетін және бірегей жануарларының бірі деп атады.

"Бұл мамонттар дәуірінде пайда болған ерекше жануар. Киіктердің популяциясын қорғау бойынша қабылданған шаралардың арқасында олардың санының айтарлықтай өсуі байқалады. Қазақстан аумағында менің жарлығым бойынша киіктерді атуға тыйым салынған.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық қызметінің кеңеюіне байланысты олардың тіршілік ету ортасының қысқаруы байқалады. Бұл киіктер үшін де, ауыл шаруашылығы жануарлары үшін де жайылымдар мен суаттардың жетіспеуіне әкеледі. Киіктердің мекендеу ерекшеліктерін ескере отырып, шекара қызметтеріне біздің елдеріміз арасында киіктердің маусымдық қозғалысы үшін еркін өтуді қамтамасыз етуді тапсыру ұсынылады", - деп қосты ол.

Бұған дейін Ресей президенті Путин Қазақстанға АЭС құрылысына қолдауын ұсынғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram