Солтүстік Қазақстан облысында екі күннен бері іздестіріліп жатқан 10 жастағы бала табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 10 жастағы баланы екі күн бойы 200-ге жуық адам іздеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 10 жастағы баланы екі күн бойы 200-ге жуық адам іздеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Уәлиханов ауданында баланың жоғалғаны 26 қаңтарда белгілі болды. Іздестіру шараларына полициядан бөлек, өрт сөндіру қызметінің, төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімдігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық Полиция департаментінен екі іздеу тобы келді.

Сонымен қатар, Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл және т.б. ауыл тұрғындары тарапынан белсенді көмек көрсетілді.

Реклама
Реклама

27 қаңтарда бала қожайындары жоқ қаңырап бос тұрған үйден табылды. Оны Жауар ауданының инспектор-кинологы О.П. Нұрлан қызметтік-іздестіру итімен анықтады.

"Бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді, қазір дәрігерлер оны қарап жатыр. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, отбасымен жұмыс жүргізіледі. Іздестіру шараларына атсалысқан аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін", - деді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Руслан Әлижанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная