Солтүстік Қазақстан облысындағы тасжолда полицейді көлік қағып кетті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама