ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2026 08:41
Солтүстік Қазақстанда ірі жол апатынан сегіз адам, оның ішінде балалар зардап шекті
Солтүстік Қазақстан облысында болған ірі жол апатынан сегіз адам, соның ішінде балалар зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты салдарының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Видео авторы зардап шеккен жүргізушінің көліктен бірнеше метр жерде жатқанын, қозғалтқыштың көліктен ондаған метрге ұшып кеткенін, ал шетелдік көліктердің үйінді темірге айналғанын айтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көліктердің бірінде алты бала болған, олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайы туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке хабарлауынша, Mazda және Toyota Estima автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы Петропавл – Көкшетау тасжолында, Аққайың ауданының Астраханка ауылына жақын маңда тіркелген.
"Апат салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima салонында болған жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді СҚО ПД өкілдері.
Полицейлер жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, жол және ауа райы жағдайларын ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шықпау және рульде барынша мұқият болу қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар солтүстікқазақстандықтар бұл апаттың тағы да жеке тасымалдаушының қатысуымен болғанын талқылап жатыр.
Солтүстік Қазақстан тұрғындары қосымшалар арқылы жүзеге асырылатын қалааралық жеке тасымалдардың қауіпсіздігі мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Олар такси жүргізушілері ақша табу үшін күніне бірнеше рейс жасап, жылдамдықты шамадан тыс асыратынын және мессенджерлер мен тасымалдаушыларға арналған арнайы бағдарламаларда жауап беріп, телефонды қолдарынан тастамайтынын айтады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу