Солтүстік Қазақстанда шетелдіктерге 700-ден аса ЖСН заңсыз берілген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

СҚО прокурорлары шетелдіктерге қызмет көрсету кезінде "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" заңды бұзу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО прокурорлары шетелдіктерге қызмет көрсету кезінде "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" заңды бұзу деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҚАҚ-ң филиалы заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай ЖСН алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген.

"Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 3 шілдеде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама