12 қыркүйек 2024 | 16:20

Солтүстік өңірлерге қоныстандыру бағдарламасы бойынша миллиард теңге жымқырылған - Бас прокуратура

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қоныс аудару бағдарламасы бойынша өмір сруге жарамсыз немесе апатты үйлер сатып алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоныс аудару бағдарламасы бойынша өмір сруге жарамсыз немесе апатты үйлер сатып алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізді. Жалған құжаттарды пайдалана отырып азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану деректері анықталды", - делінген хабарламада.

Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген. Кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмеген де. Мұндай деректер ШҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталды.

Реклама
Реклама

"Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды".

ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген.

Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алған. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Жалпы прокурорлар 20 соталды тергеп-тексеру ісін бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылданып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram