Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Солтүстікте боран, оңтүстікте 35 градусқа дейін аяз. Бүгінгі ауа райы болжамы

Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ел аумағының басым бөлігі әлі де арктикалық антициклон ықпалында болады, соған байланысты, Түнде Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-35 градус аяз сақталады.

Реклама
Реклама

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама