ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2022 | 12:37
"Сондай әдетіміз бар". Тоқаев "Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмаламауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмаламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды "Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмаламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаңа Қазақстан - серпінді өзгеріп жатқан әлемде жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. "Жаңа Қазақстан" түсінігін бұрмаламау керек.
Сондай әдетіміз бар - қандай да бір саяси жаңалық шықса, соның төңірегінде пікірталас өрбиді, содан кейін бұл пікірталас жәй мылжыңға айналады. Қандай да бір түсінік, термин немесе саяси категория бұрмаланып, біздің тұрғындарға, әсіресе, жастарға мүлдем қызықсыз болып қалады", - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бірлікке, сондай-ақ Қазақстанның дербес саясат жүргізу құқығына нұқсан келтіруге тырысып жүрген арандатушылар туралы айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также