Соңғы үш жылда он алматылық жынысын ауыстырған

2017 жылдан бері Алматыда 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.

2017 жылдан бері Алматыда 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған он адамның ішінде төрт ер адам жынысын әйелге, ал алты әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған.

Сондай-ақ, департаменттегілер жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет", - дейді Батыргереева.

Оның айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама