ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2019 | 15:53
Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді - ҚР ИИДМ
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елімізде азаматтық авиацияның дамуы туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, "Самұрық-Қазына" АҚ көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, "Эйр Астана" АҚ президенті П. Фостер баяндама жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елімізде азаматтық авиацияның дамуы туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, "Самұрық-Қазына" АҚ көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, "Эйр Астана" АҚ президенті П. Фостер баяндама жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өз баяндамасында атап өткендей, азаматтық авиация саласы бүгінгі күні басым бағыттардың бірі.
"Азаматтық авиациядағы негізгі көрсеткіштер динамикасы өсімді көрсетеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 6,3 пайызға өсті, 5,6 миллион жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,8 пайызға артық. Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты. Біз ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 1 миллион транзиттік жолаушыға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Жалпы елімізде 59 авиакомпания жұмыс істейді. 9 қазақстандық авиакомпанияның Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға рұқсаты бар. Ішкі нарықта 8 қазақстандық авиакомпания 54 маршрут бойынша ұшуды орындайды. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 893 әуе кемесі тіркелген.
Бүгінгі күні ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74 пайыз көрсеткішпен II-ші орынды иеленеді, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83 пайызды құрайды. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде ИКАО Кеңесінің марапатымен атап өтілді.
Жалпы әуе кемелері паркінің өсуі және жаңаруы, сондай-ақ ұшу қарқынының ұлғаюы байқалады.
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы жұмыс істей бастады. Осы ұйымның негізгі функциялары - авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, ИКАО стандарттарына сәйкес персоналды оқыту.
Енді Қазақстанға ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарын енгізу бойынша техникалық қолдауды Британдық агенттіктің жетекші еуропалық сарапшылары көрсететін болады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, азаматтық авиация саласындағы проблемалық мәселелердің бірі - авиабилет құнының жоғары болуы, ол өз кезегінде әуе тасымалдарына баға белгілеу, авиаотын және жолаушылар ағынының деңгейі сияқты факторлармен байланысты.
"Қазіргі уақытта авиабилет құны негізінен баға белгілеудің нарықтық және динамикалық механизмі (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері) негізінде қалыптасады. Мемлекет тікелей реттемейді және тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасайды. Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз. Мемлекет өз кезегінде нарыққа тиісті қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін министрлік бірқатар шаралар қабылдауда", - деді сала басшысы.
Оның ішінде - ішкі бағыттар бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстерін орындауына барлық шектеулерді алып тастау, алғашқы ұлттық лоукостер Fly Arystan-ды іске қосу, тікелей өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін авиаотынды жеткізу тізбегін оңтайландыру, Нұр-Сұлтан қаласында "ашық аспан" режимін енгізу, барлық шетелдік авиакомпанияларға жетекші қаржы орталықтарына ұшуды орындау үшін бесінші әуе еркіндігін ұсыну, әуежайларда әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарын енгізу, транзиттік жолаушылар ағынын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізу.
Сонымен қатар Б. Атамқұлов азаматтық авиация саласы үшін отандық білікті кадрларды даярлау туралы айтып берді. Оның айтуынша, елімізде жалғыз оқу орны - Азаматтық авиация академиясы бар, оның қабырғасында жыл сайын 400-ден астам маман даярланып шығады. Жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында министрлік Азаматтық авиация академиясын дамыту жоспарын әзірлеуде.
"2020 жылы біз сала бойынша барлық қолданыстағы оқу орындарын шоғырландырып, еуропалық стандарттарға сәйкес келетін азаматтық авиация саласындағы оқу орталығын құрамыз", - деді Б. Атамқұлов.
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасында азаматтық авиация саласын одан әрі дамытудың барлық шаралары мен механизмдері көзделген.
"Самұрық-Қазына" қорының басқаруындағы әуе компанияларының даму жоспарлары туралы толығырақ "Самұрық-Қазына" АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев айтып берді.
"Самұрық-Қазына" АҚ-ның авиация саласында екі әуе компаниясы бар: Fly Arystan және Qazaq Air бөлімшелерімен "Эйр Астана" компаниясы. 2019 жыл соңында әуе кемелерінің паркі 41 бірлікті құрайды. Қызметкерлерінің жалпы саны 5,7 мың адамнан асады", - деді Қ. Алпысбаев.
Компаниялар 78 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Оның ішінде 44 халықаралық, 34 ішкі бағыт бар.
Қ. Алпысбаев атап өткендей, ҚР Үкіметінің тапсырмасы аясында қор компаниялармен бірлесіп тұрғындардың мобильділігін арттыру және қолжетімді бағаны белгілеу арқылы әуе тасымалының қолжетімділігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізуде.
"Биыл жыл соңына қарай Қор лоукостердің тасымалдау сыйымдылығы мен әуе кемелері паркін екі есеге арттыру жоспарланған, бұл ең төменгі тарифтер бойынша 100 мыңнан астам билетті қосымша сатуды ашуға мүмкіндік береді", - деп ақпараттандырды Қ. Алпысбаев.
2020 жылы Қор компанияларының ұщақтар паркі 47 бірлікке дейін артады, оның ішінде Fly Arystan әуе кемелерінің паркін 10 бірлікке дейін ұлғайтады. Ұшақтар паркінің өсуін ескерумен 2020 жылы тасымалдау сыйымдылықтарының өсімі (шекті жолаушылар-шақырым) ішкі бағыттар бойынша 63 пайызды, халықаралық бағыттар бойынша 14 пайызды құрайтын болады.
"Эйр Астана" АҚ президенті П. Фостер компанияның дамуы туралы айтып берді.
"Қазақстанда әуе саяхаттарының ішкі нарығы 2010 жылы толық реттеусіздендірілді. Содан бері біз ең ырықты режимді қамтамасыз еттік. Мысалы, тек бір ғана бағыт "Алматы - Нұр-Сұлтан" бағытын алайық. Біз бүгінгі таңда осы бағыт бойынша жұмыс істейтін бес әуе желісін көріп отырмыз. Салыстыру үшін, "Лондон - Париж" бағыты бойынша - 3, "Франкфурт - Берлин" бағыты бойынша - 2, тіпті, "Вашингтон - Нью-Йорк" бағыты бойынша 3 әуе желісі ұшады. Сондықтан біздің ырықты режим 2010 жылы реттеусіздендірілген соң қалыптасты. Бұл жұмыстардың нәтижелерін бес әуе желісінің арасындағы айырмашылықты аңғарған соң көруге болады", - деді П. Фостер.
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев авиациялық отын өндірісі және оның бағасы туралы баяндады. Ағымдағы жылы аяқталған қазақстандық МӨЗ-ді жаңғыртудың арқасында авиация отыны өндірісінің көлемі 2018 жылдың өндірісімен салыстырғанда 694 мың тоннаға дейін немесе 1,8 есе ұлғайды, авиакеросиннің импорт үлесі тұтынуда 2018 жылы 60 пайыздан 2019 жылы 4 пайызға дейін төмендейді, қалғаны 30 пайызға өсті.
"Авиаотын өндірісінің көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктерін отандық МӨЗ-дің есебінен толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда өндіру көлемін жылына 850 мың тоннаға дейін арттыру мүмкін. Осыған байланысты, Энергетика министрлігі авиаотын нарығында жағдайдың тұрақты екенін және тапшылықтың жоқ екенін атап өтті", - деді энергетика министрі.
Қазақстандық МӨЗ-де авиакеросинге көтерме баға тоннасына 578 USD/тоннасына 621 USD/тоннаға дейін құрайды, бұл ретте импорттық авиаотынға баға тоннасына 672 USD/тоннасына 700 USD/тоннаға дейін құрайды.
2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР МӨЗ-інде авиаотынға көтерме сауда бағасының төмендеуі тоннасына 65 USD құрағанын атап өту керек.
Қ. Бозымбаевтың айтуынша, авиаотынға баға сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен реттеледі. Бұл ретте Қазақстанның ішкі нарығындағы авиаотынға баға Ресейде өндірілетін керосин бағасына өлшемдес және нарықтық болмысын көрсетеді.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, өз кезегінде, барлық тиісті органдар азаматтық авиация мәселелерін бірлесіп шешуге тиіс екенін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также