Соңғы қоңырау: министр ата-аналарға үндеу жасады

Фото:depositphotos.com

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді, ауыспайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді, ауыспайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр ата-аналарға мектептегі салтанатты шараларды қымбат мейрамға айналдырмауға және балаларды ысырапшылдыққа үйретпеуге шақырды.

"Балаларымызды ақшаны ысырап жұмсауға үйретпеуіміз керек. Мектеп – бұл тәрбиенің ортасы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Егер ата-аналар болып мейрамханалар мен кафелерді ұйымдастырумен айналысатын болсақ, онда қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемшіл болуымыз қажет. Барлық қаражатты балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс, мейрамханалар – әл-ауқаттың көрсеткіші емес", – деді Бейсембаев Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама