23 маусым 2020 | 18:31

Соңғы төрт жылда жемқорлық туралы хабарлағандарға 130 миллион теңге берілген

© Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров соңғы бес айда жемқорлық туралы көбіне Түркістан облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы және Шымкенттен шағым көп түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров соңғы бес айда жемқорлық туралы көбіне Түркістан облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы және Шымкенттен шағым көп түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл call-орталыққа 12 мың қоңырау түсті, оның ішінде соңғы бес айда жемқорлық дерегі бойынша 342 хабар келді. 32 іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы 2019 жылы 32 іс болса, ал биыл бес айда осындай көрсеткіш болып тұр. Көбіне Түркістан облысынан - 64, Алматыдан - 45, Алматы облысынан - 41 және Шымкенттен - 30 қоңырау келіп түсті", - дейді Биғайдаров тікелей эфир барысында. 

Реклама
Реклама

Тергеушінің мәліметінше, өтініштердің көбі ішкі істер органдары қызметкерлерінің, әкімшілік қызметкерлерінің, білім беру, денсаулық сақтау, кеден органдары мен салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты түскен.

"(...) Азаматтар түрлі құжатты беру кезінде пара бергені, пара алғаны, пара сұрағаны  туралы хабарлайды. Негізінен азаматтар өздерінің жеке шағын мәселелерін шешу үшін пара береді. Мысалы, жол-көлік оқиғасына себеп болғанда не жол қозғалысы ережелерін бұзғанда. Адамдар пара беріп, айыппұлдан құтылғысы келеді. Мысалы, 25 мың теңге үшін миллиондаған айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілік жүктеледі", - деп толықтырды тергеуші.

Биғайдаровтың айтуынша, соңғы төрт жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен 889 азамат 130 миллион теңге көлемінде сыйақы алды.

"2016 жылы 163 адамға 21 миллион теңге, 2017 жылы 32 миллион теңге, 2018 жылы - 28 миллион теңге, 2019 жылы - 32 миллион теңге және соңғы бес айда 90 адамға 14 миллион теңге көлемінде сыйақы алды", - деді тергеуші. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная