ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2019 | 17:54
Соңғы үш жылда оңтүстіктен солтүстікке 3 мың отбасы көшіп барған
Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл қаласында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге көшіру мәселелері бойынша республикалық селекторлық кеңес өтті.
Жиналыста сөз сөйлеген министр Біржан Нұрымбетов 2012 жылдан бастап республикада сыртқы көші-қонның теріс сальдосы болғанын, соңғы 5 жылда ол 2,3 есе өсіп, 2018 жылы 29,1 мың адам болғанын айтты. Бұл санның 68 пайыздан астамы республиканың солтүстік өңірлеріне тиесілі.
"Соңғы бес жыл ішінде, Ақмола облысынан басқа, солтүстік өңірлерде халықтың жыл сайын төмендеу үрдісі сақталды. Сонымен қатар, солтүстік өңірлерде туу коэфиициентінің төмендігіне байланысты халықтың қартаю үрдісі байқалады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында халықтың табиғи өсуінің жалпы коэффициенті 1,14 баллды құрайды, бұл ұлттық көрсеткіштен 10 есе аз. Егер бұл үрдіс жалғасатын болса, 2022 жылға қарай елдің солтүстік өңірлерінде жұмыс күшіне тартылған адамдардың үлес салмағы 59 пайыздан 50 пайызға дейін төмендейді, ал жұмыс күшіне кірмейтін адамдардың үлесі 41 пайыздан 50 пайызға дейін артады деп болжанып отыр", - деді Біржан Нұрымбетов.
Сондай-ақ, министр бұл теріс құбылыстар азаматтардың республика бойынша қоныстануында айтарлықтай теңгерімсіздікке әкелетінін атап өтті. Болжам деректері бойынша 2050 жылға қарай халық саны 24,5 миллион болды. Бұл ретте, министрдің айтуынша, елдің солтүстігінде халық 0,9 миллион адамға азаюы мүмкін, ал оңтүстігінде ол 5,3 миллион адамға көбейеді.
"Бұл мәселені шешу үшін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың солтүстік өңірлерге көшуін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынатын механизм белсенді түрде қолданылуда. Бүгінгі күні қоныс аудару Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жүзеге асырылып жатыр. 2020 жылдан бастап Қарағанды облысы да оралмандар мен қоныс аударушылардың келу өңірлерінің қатарына қосылды", - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, 2017-2019 жылдары 5 119 отбасы немесе 18 379 адам, оның ішінде 2019 жылдың 10 айында 2 266 отбасы немесе 8 168 адам қоныс аударды. Көшіп келгендердің жалпы саны 3 037 отбасы - еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар болса, 2 082 отбасы - шетелден көшіп келген оралмандар.
Показать комментарии
Читайте также