ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2022 | 17:25
"Сөренің арғы жағы бильярд". Антикор Семейде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді
Желіде "Семей машина жасау зауыты" АҚ директоры кабинетінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде "Семей машина жасау зауыты" АҚ директоры кабинетінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антикор мәліметінше, бейнежазбаны "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ басшысы жүргізген. Семей машина жасау зауыты "Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ-ның қарамағындағы зауыт саналады.
"Қазақстан инжиниринг" ұсынған ақпаратқа сәйкес, кәсіпорынның 2015 жылдан бері жинақталған шығыны шамамен 1,9 миллиард теңгеге жеткен, ал кредиторлық берешектің өсуі 3 миллиард теңгеден асқан.
"Биылғы ақпаннан бастап зауытқа қатысты сот шешімімен 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды. Кредиторлар комитетінің шешімі бойынша 25 қазаннан бастап зауытта аудит басталады. Қазіргі уақытта осы деректер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ешқандай материалдар мен өтініштер түскен жоқ", - деді Антикор өкілдері.
Ведомство мәліметінше, оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттермен, сондай-ақ қасақана банкроттықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар Экономикалық тергеу қызметінің тергеуіне жатады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі зауыт басшылығының кеңсесі түсірілген видео пайда болды. Онда директор кабинетіндегі сөренің арғы жағына бильярд бөлмесі салынғанын көруге болады.
@userdyfjcz88lq♬ оригинальный звук - Beka
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также