24 қаңтар 2024 15:54

Сот Алматы ТЖД-ның бұрынғы басшысын ақтады. Антикор қарсылық білдірді

Руслан Касыбаев. Фото:gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сот ақтаған Алматы ТЖД-ның бұрынғы бастығы Руслан Қасыбаевқа қатысты іс бойынша шешіммен келіспейтіндерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа тартылған Руслан Қасыбаев туралы. Сот оны ақтады, біз бұл ұстаныммен келіспейміз. Біздің білуімізше, қазір Бас прокуратура қарсылық әзірлеп жатыр, нәтижесін хабарлаймыз. Руслан Қасыбаев ақталған адам", - деді Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаевқа қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram