Сот Астана банкін тарату туралы шешім қабылдады
Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Астана Банкі" АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылуына байланысты "Астана Банкі" АҚ-ны тарату туралы өтініш берді.
"Сот шешімімен "ҚР Ұлттық банк" РМБ-ның "Астана Банкі" АҚ қызметін ықтиярсыз тоқтату (тарату) туралы қуыным талабын толық көлемде қанағаттандырды", - деп хабарлады қалалық соттағылар.
Еске сала кетейік, 2018 жылы 19 қыркүйекте Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын.