15 маусым 2021 11:47

Сот Байбектің Мамайға талап арызы бойынша шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сот Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен жазған талап арызы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайдың үстінен жазған талап арызы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға талап-арызы бойынша азаматтық істі Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық соты қарады.

Сот жауапкерлер талап қоюшы Бауыржан Байбектің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратты деп таныды және жауапкерлерді шешім заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн ішінде жарияланған материалдарды теріске шығарып, жоюға міндеттеді.

"Жанболат Мамай мен Инга Иманбай әлеуметтік желілерде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеген жоқ. Өз ұстанымын дәлелдеу үшін талаптың бірқатар тармағы бойынша тек әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жазбаларға сілтемелер берілді. Олар талаптың бірқатар тармағына мүлдем қарсы болмады. Сот олар таратқан барлық ақпарат ешқандай дәлелмен расталмады және олар негізсіз деп таныды", - делінген соттың ресми хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәңірберген Бердіоңғаровтың YouTube-арнасына берген сұхбатында "Болашақ" түлектеріне қарсы ақпараттық соғыс және оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың айыптаулары туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети