27 қазан 2016 21:36

Сот букмекер кеңсесін Астана тұрғынына екі миллион теңгеден аса ақша өндіріп беруге міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот Fair Play букмекер кеңсесін Астана тұрғынына екі миллион теңгеден аса ақша өндіріп беруге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотына сілтеме жасап.


Сот Fair Play букмекер кеңсесін Астана тұрғынына екі миллион теңгеден аса ақша өндіріп беруге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, Астана тұрғыны букмекер кеңсесінің сайтына тіркеліп, өз есепшотын 250 мың теңгеге толтырған. Ойыншы осы соманы спорт оқиғаларына тіккен. Ойыншының ұтқан сомасы кейінірек 2 миллион теңгеден асқан. Алайда букмекер кеңсесі түсінік берместен, ойыншының есепшотын жауып тасап, осылайша бұдан кейінгі ойындарға қатысуына кедергі жасаған. Сонымен қатар, тұрғын шотындағы қаражатты да ала алмай қалған.  

"Астананың Алматы аудандық соты Fair Play букмекер кеңсесін ойыншының шотын құлыптан шығаруға және 2 252 750 теңге көлеміндегі қаражатын өндіруге міндеттеп, шағымданушының шағым-талабын қанағаттандырды", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети