ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2023 | 14:18
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істі қайта қарады
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шағымның қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шағымның қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша, бұзақылық әрекеттермен екі адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған әскери қызметші Б.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
Бірінші инстанция үкімі бойынша, әскери қызметші Б.-ға 500 АЕК, яғни 1 миллион 725 мың теңге айыппұл салынды. Жәбірленушілердің пайдасына 1 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді.
Сот мәліметінше, 11 ақпанда сағат 02:00 шамасында әскери қызметші Б., Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінің жанында бұзақылық ниетпен ерлі-зайыптының денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген.
Сотталушының кінәсі сотталушының өзінің кінәсін мойындауы, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, сараптамалық қорытындылар және оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен дәлелденді.
"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша, үкім мемлекеттік баж сомасы бөлігінде өзгертіліп, 1 725 теңгеге дейін төмендетілді. Бұдан басқа, сотталушыдан апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқаны үшін өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстар жәбірленушілердің пайдасына 400 000 теңге сомасында өндірілді. Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалды", - делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енгені атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также