26 шілде 2021 15:08

Сот экс-министр Біртановты үй қамауынан босатудан бас тартты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © Тұрар Қазанғапов

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды", - деді судья Элеонора Оңғарсынова.

14 шілдеде Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін 14 шілдеде Біртановқа қатысты шектеу шаралары аяқталады деп хабрланған болатын. Алайда оның кінәсі немесе кінәсіздігі әлі дәлелденген жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram