Сот Хасан Қасымбаевқа қатысты үкімін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Сот Хасан Қасымбаевқа қатысты үкімін түсіндірді

Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бірнеше адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бірнеше адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта не анықталды?

Сот мәліметінше, Қ.Х. басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, А.-ға күш қолданып, шабуыл ұйымдастырған. Айыпталушылар Қ., Ақ., Ал., Ас., С. жәбірленуші А.-ны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан.

Жарнама
Жарнама

Салдарынан жәбірленушіге ауыр жарақат салған. Бұдан бөлек, сот мәліметінше, Қ.Х. басқалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты күш қолдана отырып, қорқытып алған.

Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғағымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, беттестіру нәтижесімен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген.

Сот үкімі

  • Қ.Х. ұйымдастырушы ретінде 12 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Қ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
  • Ақ. бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) үшін сотталғанын ескере отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
  • С. бұрын аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) үшін сотталғанын ескере отырып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ал. және Ас. 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама