ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2021 | 10:22
Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қажет реформалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қажет реформалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сапалы заңнама арқылы реформалар жүргізу - ұзақ мерзімді табыстың басты шарты. Жаңартылған депутаттық корпус бұл міндеттерді лайық орындайтынына сенімдімін. Азаматтардың құқықтарын қорғамай, әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Бұл шынымен аксиома. Осыған байланысты сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі реформаны аяқтауымыз керек.
Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек. Сондықтан сот жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, құқықтың түрлі салаларына мамандарды тарту қажет. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесін ғана емес, олардың жеке қасиеттерін де ескеру маңызды", - деді Тоқаев.
Президент мықты және инклюзив қоғам құрудың негізгі құралы тиімді әлеуметтік саясат екенін айтты.
Мұның алдында Тоқаевтың Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также