Сот Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

Дина Шарипханова Корреспондент

Сарыарқаның №2 сотының судьясы Назгүл Бапақова кәсіпкер Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұраған адвокаттардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарыарқаның №2 сотының судьясы Назгүл Бапақова кәсіпкер Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұраған адвокаттардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттар сотталушылардың денсаулық жағдайы туралы айтып, сотталушыларды қамаудан босатуды сұрады.

"Адвокаттардың сотталушыларды бас бостандығынан айыруға байланысты емес, басқа бұлтартпау шарасына өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас бартылсын", - деп түйіндеді судья.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Астанада Қайрат Боранбаев пен осы іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталды. Журналистер сот залына кіргізілді. Сотқа Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Қайрат та қатысып отыр. Ол сотқа әкесінің қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама