ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2019 | 21:08
Сот "Олимп" букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "Олимп" букмекерлік компаниясының шоттарын бұғаттап, тінту туралы шешімді шығарды. "Олимп" Алматы қалалық сотына осы қаулының күшін жою туралы өтініш білдірген, бірақ шешім күшінде қалды және одан әрі шағымдануға жатпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Олимп" букмекерлік кеңсесінің қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлаған. ҰҚК мәліметтері бойынша, компания интернет-ресурстар арқылы лицензиясыз қызметті заңсыз жүзеге асырған, сондай-ақ ақшаны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз шығарған. Сондай-ақ, комитеттегілер Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда маркасымен жұмыс істеген Only bet ЖШС және Alpha bet ЖШС лицензиясының қолданылуын алты айға тоқтата тұрғанын айтты.
"Олимптың барлық шотына тыйым салу заңсыз деп санаймыз, өйткені банк шоттары мүлік емес. Ал Қылмыстық-процестік кодексi бойынша тергеу соты тек мүлікке тыйым салуға құқылы. Егер ақша туралы айтылса, онда қаулысында барлық шотқа тыйым салмай, белгілі бір сомаға тыйым салынуы тиіс. Қазір компания салық төлеуі тиіс, бірақ төлей алмайды. Мұнда қыруар ақша сөз болып отыр. Тергеу барысында бұл қаражаттың қылмыстық жолмен табылғанын не қылмыс жасау құралы екенін дәлелдей алмайды", - деді Only Bet ЖШС адвокаты Әлімжан Оралбай.
Букмекерлік компания өкілдері де тінтуді негізсіз деп санайды, алайда сот барлығын өзгеріссіз қалдырды.
Показать комментарии
Читайте также