Сот Павлодар әкімінің жер беру туралы шешімінің күшін жойды

Сот Павлодар әкімінің жер беру туралы шешімінің күшін жойды © komi-news.ru

Павлодар қалалық сотында қала әкімінің азаматқа жер учаскесін беру туралы шешімінің күшін жою бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа арызды қаланың бірнеше тұрғыны берген. Іс материалдарына қарағанда, жер учаскесі мен пәтер жекешелендіру келісімшарты бойынша арыз берушілерге де, қала әкімінің шешімі бойынша алған азаматқа да тиесілі болып қалған. Алайда жер учаскесіне иелік ету актісінде бір ғана адамның аты-жөні жазылған. 

Сот Павлодар әкімінің азаматқа жер учаскесін беру туралы шешімінің күшін жойып, шағымданушылардың талабын қанағаттандырды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама