Сот Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды

© pexels.com

Медеу ауданды? сотында Ratel.kz сайтыны? ж?мысын то?тату туралы шешім шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу аудандық сотында Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медеу аудандық прокуратурасы өкілдерінің Ratel.kz сайтына қатысты арызы, олардың Ratel.kz доментік атауын қайта тіркеуге тыйым салу және редакцияның бас редакторы Марат Асиповқа және басылымның басқа қызметкерлеріне бір жыл ішінде басқа БАҚ-тарда, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде материалдар жариялау туралы өтініші ішінара қанағаттандырылды. (...) Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының жұмысын тоқтатылып, бір жыл ішінде қазақстандық БАҚ кеңістігінде Ratel.kz домендік атауын қолдануға тыйым салынсын", - деп оқыды үкімді судья Гүлмира Бейсенова.

Еске салайық, 2 сәуірде полиция қызметкерлері Forbes Қазақстан және Ratel.kz интернет-басылымдарының редакциясында тінту шараларын жүргізген еді. Сонымен қатар, осы БАҚ журналистерінің, нақтырақ айтсақ, Forbes.kz бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың, Ratel.kz бас редакторы Марат Асиповтың, оның орынбасары Сапа Мекебаев пен шолушы Анна Калашникованың ұсталғаны анықталған.

Реклама
Реклама

Кейінірек министрлік өкілдері Ratel мен Forbes журналистерінің ұсталуына қатысты тағы пікір білдірген болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама